Главная ● Статьи и публикации Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арнал ...
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған грантты конкурс жарияланады
27.02.2017
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік гранттар» қайырымдылық жобасын іске қосады. Жобаның әкімшісі «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігі.
Жобаның мақсаты Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпкерлік қызметін іске қосу және жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.
500 000 (бес жүз мың) теңге сомадан аспайтын қайтарылмайтын гранттар бизнесті дамытуға және қолдауға бөлінеді. Конкурс қатысушылары мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер бола алады.
Өтінімдер 2017 жылдың 27 ақпанынан бастап, 2017 жылдың 12 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады. 2017 жылдың 12 сәуірінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Өтінімдер нысанының үлгісі, оны толтыру тәртібі және құжаттар тізімін «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ресми сайтынан www.moi-sharapat.kz жүктеп алуға болады.
Жобаға қатысу үшін өтінім нысанын қазақ немесе орыс тілдерінде үлгіге сәйкес толтыру қажет және құжаттардың сканерден өткізілген нұсқаларын электронды поштаға Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript немесе толтырылған өтінім мен құжаттар пакетін қағаз тасымалдағышта мына мекенжай бойынша: 050004, Алматы қ., Гоголь көш. 111, 627 кеңсеге жолдау қажет.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 771 762 4600, +7 705 262 2433, +7 727 296-98-96

Партнеры

banner

Ассоциация женщин с инвалидностью «Шырак»
Фонд Абилис

Спортивный клуб «Алшы»

npc 

banner180 75

Наш опрос

Хотите ли вы заниматься спортом?
 

Горячее видео

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары

Погода Алматы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня195
mod_vvisit_counterВчера0
mod_vvisit_counterЗа эту неделю195
mod_vvisit_counterЗа неделю0
mod_vvisit_counterThis month195
mod_vvisit_counterЗа этот месяц0
mod_vvisit_counterВсе дни1151046