Главная Пресса Архив
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Бәріміз бірдейміз!» республикалық конкурсы
27.07.2013
1111Ақтөбе қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан «Бәріміз бірдейміз!» атаулы республикалық конкурстың аясында, әсем де әсерлі салтанатты шара – флешмоб және қолмен басқарылатын автокөлектердің шеруі ұйымдастырылды.
2222Жағымды эмоция мен шаттыққа толы көңіл-күйді паш еткен флешмоб ақтөбелік жұртшылық пен мүмкіндігі шектеулі жандардың назарын аударып, белсенділік пен өмірге деген сүйіспеншілікті насихаттай отыра, «Бәріміз бірдейміз!» деген тұжырымды ұстанған 30-дан аса ерекше адамдардың қатысуымен, 100-жен аса тамашалаушы, жанашыр жандардың қолдауымен өтті.
Аталмыш толғанысқа толы шараның белсенді қатысушылары, ұйытқысы – «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі және ақтөбелік зағиптар мен есту қабілеті нашар жандар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, сондай-ақ Ақтөбе облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы болып табылды.
Флешмобтың шарықтау шегінде қатысушы-ерекше мүмкіндіктері бар азаматтар «Бәріміз бірдейміз!» деп бір ауыздан жігерлі дауыстап, автокөлектеріне отырып, Ақтөбе қаласының бас көшесі Әбілхайырхан атындағы даңғыл бойымен конкурстың жалауларын желбіретіп шеру жасап, қаланың басты стратегиялық нүктесі – Ақтөбе халықаралық аэропортына дейін жүріп өтті.
3333Автошерудің 20-дан аса автожүргізушілерін ақтөбелік жол полициясының көліктері ертіп, шеру барысында жол қауіпсіздігі мен автоколонна сапының бұзылмауының, біртұтастықтың сақталуын қамтамасыз етті.
Бірізділікпен, бір демнің арасында сырғып өткен сындарлы шара туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпы қоғам құлақдар болды.
24.07.2013

Comments are now closed for this entry

Партнеры

banner

Ассоциация женщин с инвалидностью «Шырак»
Фонд Абилис

Спортивный клуб «Алшы»

npc 

banner180 75

Наш опрос

Хотите ли вы заниматься спортом?
 

Горячее видео

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары

Погода Алматы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня180
mod_vvisit_counterВчера0
mod_vvisit_counterЗа эту неделю180
mod_vvisit_counterЗа неделю0
mod_vvisit_counterThis month180
mod_vvisit_counterЗа этот месяц0
mod_vvisit_counterВсе дни1151031